Атырау, 5 желтоқсан 14:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырауда еріктілер полиция қызметімен танысты

Сурет
357 рет қаралды

Атырау облысында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Тәртіпті өзіңнен баста» атты акция өтті. 

Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, шара барысында еріктілер полиция қызметкерлерінің жұмысымен жақыннан танысып, құқық қорғау саласының қызметін тәжірибелі түрде көрді.

Іс-шараға қатысушылар бірнеше сағат бойы тәртіп сақшыларымен бірге жұмыс жасап, қоғамдық тәртіпті сақтау жауапкершілігін сезінді. Сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының маманы Әли Төлегеннің сөзінше:

- «Акцияның негізгі мақсаты — қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жас ұрпаққа тәртіп пен заңды сақтау маңызын түсіндіру, сондай-ақ еріктілер мен полиция қызметкерлерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Бұл іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін арттырып қана қоймай, олардың полиция қызметімен тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.

Шараға болашақта тәртіп сақшысы болуды армандайтын 15 оқушы қатысты. Айта кетерлігі, мұндай акция өңірде алғаш рет ұйымдастырылды.

8 қазан, 20:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.