Атырау, 8 қазан 17:30
 дождьВ Атырау +23.2
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Атырауда ұстаздар «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды

Сурет
1 104 рет қаралды

Ұстаздар күніне орай Атырау облысында ардагер ұстаздар құрметке бөленді. Облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов ұстаздарды құттықтап, марапаттарын табыстады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Марапатқа іліккендер арасында:

  • ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен – 10 педагог,
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен – 1 педагог,
  • Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен – 1 ардагер ұстаз.

Жиынға облыстық Білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов пен сала ардагерлері қатысты.

Дарын Шамұратов сөзінде:

- Ұстаз – адам өміріндегі ең қадірлі тұлға. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында өскелең ұрпақтың болашағы қалыптасып, еліміздің іргетасы нығая түсуде. Барша ұстазға мықты денсаулық, жаңа табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілеймін, – деді.
8 қазан 2025, 20:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.