
Атырау облысында әлеуметтік көмек көрсетуді жаңғырту мақсатында бірыңғай цифрлық платформа енгізілуде.
Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет Хасановтың төрағалығымен өткен семинар-кеңесте хабарланды.
Жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Фарида Сағындық пен жұмыс тобы қатысты. Олар барлық басқармаға қарасты ұйымдармен кездесіп, платформаны енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.
Облыста арнайы жұмыс тобы құрылып, бірыңғай цифрлық платформаға енгізілетін 400-ге жуық мекеменің тізбесі дайындалды және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынылды. Барлық ұйымдар HR.enbek.kz порталына өз мәліметтерін енгізуді бастап кетті.
Цифрлық платформа әлеуметтік қолдауды әділ әрі тиімді бөлуге мүмкіндік береді, яғни көмек категориялық емес, нақты қажеттілікке негізделіп көрсетіледі.
В Атырау +3 










