Атырау, 5 желтоқсан 14:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атыраулық бүркітші Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

424 рет қаралды

Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Моңғолиядағы дәстүрлі «Бүркітшілер тойы» аясында өткен ІІІ Азия чемпионатында Атырау облысының бүркітшісі Арман Қошқаров «Аңырақай» атты бүркітімен күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Баян-Өлгей аймағында өткен жарысқа Азия мен әлемнің 60-тен астам құсбегісі қатысты. Қатысушылар «қолға шақыру» және «шырға тарту» дисциплиналары бойынша сынға түсті.

Қазақстан құрамасы бірнеше жүлделі орындарды жеңіп, өз деңгейін көрсетті. Атыраулық құсбегі Арман Қошқаров «Аңырақай» атты бүркітімен екінші орынды иеленіп, Абай облысының бүркітшісі Тәттімбет Кәпұлы «Қарагер» атты бүркітімен қола медальға ие болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпионат тек спорттық жарыс қана емес, сонымен бірге бүркітпен аң аулау дәстүрін, қолөнер мен түркі халықтарының ұлттық мұрасын дәріптейтін мәдени шара.

Қазақстан делегациясын мемлекеттік жаттықтырушылар Арманбек пен Базарбек Күнтуған басқарды. Олар қазақ бүркітшілерінің жетістігі ұзақ жылғы жүйелі дайындық пен құсбегілік өнеріне құрметтің нәтижесі екенін атап өтті.

8 қазан, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.