Атырау, 5 желтоқсан 14:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда Қазақстан–Қытай энергетика және экология орталығы ашылады

229 рет қаралды

Атыраудағы С.Өтебаев атындағы Мұнай және газ университетінде өткен «Каспий тынысы – 2025» халықаралық ғылыми конференциясы аясында Қытай Мұнай университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, Қазақстан–Қытай энергетика және экология орталығын құру жарияланды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараға UTEBAYEV UNIVERSITY ректоры Гүлзада Шакуликова, Қытай Мұнай университетінің Экономика және менеджмент институтының деканы Ван Цзяньлян, профессор Фэн Ляньюн, UTEBAYEV UNIVERSITY профессоры Владимир Яшков, Батыс KEGOC филиалының жетекшісі Нұрлан Батырбай, сондай-ақ отандық ғалымдар мен студенттер қатысты.

Жаңа орталықтың негізгі мақсаты – энергетика және экология саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, «жасыл» технологияларды дамыту және екі ел арасындағы ғылыми байланыстарды нығайту.

Конференция барысында энергетикалық қауіпсіздік, көмірсутектердің экономикадағы рөлі, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және экологиялық тәуекелдерді төмендету мәселелері талқыланды.

8 қазан, 14:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.