Атырау, 5 желтоқсан 14:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Құрманғазы ауданында өрт сөндіріліп жатыр

Бейнежазба
387 рет қаралды
Видеодан скриншот

Атырау облысы, Құрманғазы ауданында қамыс алқабындағы өрт ауыздықталды, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Құрманғазы ауылынан 67 км қашықтықта «Жарқаса» каналы маңындағы 30 гектар қамыс алқабында өрт шыққан.

8 қазан 2025 ж. сағат 00:00 жағдай бойынша, 14 га өрт сөндірілген, 11 га өздігінен сөнген, қазіргі уақытта 5 га аумақта екі ошақ жалғасуда. Ашық жану жоқ.

Төтенше жағдайлар департаментінің (38 адам, 5 техника) және жергілікті әкімдік аппаратының (7 адам, 6 техника) күшімен бақылау және өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп тұр.


8 қазан, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.