Атырау, 5 желтоқсан 07:40
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Грета Тунберг Израиль изоляторында азапталғанын мәлімдеді

257 рет қаралды
Сурет: Tom Little / Reuters

Швед құқық қорғаушысы Грета Тунберг Стокгольмде өткен баспасөз конференциясында Израильде ұсталған кезде өзін және «Сумуд» («Еркіндік флоты») флотының басқа белсенділерін азаптағанын хабарлады, деп жазады Коммерсантъ Reuters-ке сілтеме жасап.

Белсенді нақты мәлімет бермегенімен, оған таза су берілмегенін, ал басқа тұтқындарға өмірлік маңызды дәрі-дәрмектер берілмегенін айтты.

«Еркіндік флоты» 40-тан астам кемеден құралған және қыркүйектің ортасында Тунистан Газа секторына аттанған. Кемелерде халықаралық белсенділер болды. Газаға теңіз блокадасын бұзып, гуманитарлық көмек жеткізу жоспарланған. Алайда, кемелер Израиль тарапынан тоқтатылып, барлық белсенділер елден шығарылған.

4 қазанда The Guardian газеті Грета Тунбергтің швед шенеунігімен хат алмасқанына сілтеме жасап, оның қандаласы бар камерада отырғанын, жеткілікті су мен тамақ берілмегенін хабарлаған. 

Ал Израиль Сыртқы істер министрлігі 5 қазанда тұтқындарға қатысты зорлық-зомбылық туралы барлық мәлімдемелерді жоққа шығарды.

8 қазан, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.