Атырау, 5 желтоқсан 14:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жылыой ауданында дәрігерлер екі адамның өмірін аман алып қалды

300 рет қаралды
Көрнекі сурет

Жылыой аудандық ауруханасына ауыр жағдайдағы 24 жастағы жүкті әйел жеткізілді. 15 апталық жүктілік кезеңдегі науқас жансақтау бөліміне жатқызылды.

- Біздің дәрігерлер облыс мамандарымен бірлесе кеңес алып, емдеу шараларын жүргізді. Бірлескен кәсіби әрекеттің арқасында ана мен баланы аман алып қалдық. Жүкті әйелдің бірінші баласы еді, - дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Асулан АБДРАХМАНОВ

Кейін науқас санитарлық авиация арқылы облыстық ауруханаға жеткізіліп, ем шараларын жалғастыруда. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 қазан, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.