Атырау, 5 желтоқсан 14:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қыс келіп қалды. Атырау облысында мал азығы дайындалып жатыр

354 рет қаралды
Көрнекі сурет

Атырау облысының шаруалары қыстың қамын жасап, мал азығын дайындау жалғасын табуда

Мақат ауданында жалпы 31 шаруа қожалығы, 14 мыңға жуық төрт түлік бар. Аудан көршілес Қызылқоғадан 2021 жылы 413 гектар жер алған болатын. Бүгінде ауданға 1000 тонна мал азығы қажет болса, соның 540 тоннасы қыстақтар басына жеткізілген. 

- Күз күнін тиімді пайдаланып қалу үшін аудан фермерлері жұмысты бәсеңдеткен жоқ. ЖК Бағыт Үмбетқалиев көршілес Қызылқоға ауданындағы кент әкімдігімен меморандумға қол қойып, әр орам шөпті 7 мың теңгеден бағалап жеткізіп беруде. Бұл аудан шаруалары үшін үлкен жеңілдік болып отыр, - дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Берік КЕНЖЕҒАЛИ. 

Жылыой ауданына 59 мың 200 тонна мал азығы қажет болса (өткен жылғы қалдық шөпті есептегенде), 48 мың 595 тоннасы дайындалып, жоспар 84,6 пайызға орындалған. Шөп дайындау жұмыстары көршілес Ақтөбе облысы Байғанин және Қызылқоға аудандарынан да дайындалуда. Оннан астам ірі шаруа қожалығы мал азығының бағасын тұрақты ұстап тұруы үшін меморандумға келіскен. 

Ал ауданға қажетті 2 мың 200 тонна құрама жем қажет болса, ол жергілікті сауда орындары арқылы жеткізілуде. 

Жоспарлар орындалуға жақын, бірақ шаруалар босаңсыған жоқ: қыстың түсуіне бірнеше апта ғана қалды, ал мал азығы ешқашан артық болмайды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 қазан, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.