Атырау, 5 желтоқсан 07:40
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Физика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жарияланды

249 рет қаралды

2025 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығының иегерлері болып америкалық ғалымдар Джон Кларк, Мишель Деворет және Джон Мартиниз атанды, деп хабарлайды Haqqin.

Өткен жылы, 2024 жылы, бұл сыйлықты Принстон университетінің профессоры Джон Хопфилд пен Канаданың Торонто университетінің профессоры Джеффри Хинтон алған еді. Олар машиналық оқыту мен нейрожелілер саласындағы іргелі жаңалықтары үшін марапатталды. Мысалы, Хопфилд «ассоциативті жад» жасап шығарған. Бұл жад деректердің сурет секілді үлгілерін сақтап, қайта құра алады. Ал Хинтон деректердің жасырын қасиеттерін өздігінен табуға мүмкіндік беретін әдісті ойлап тапқан, сол арқылы суреттердегі нақты нысандарды анықтауға жол ашылды.

Физика саласындағы Нобель сыйлығы 1901 жылдан бері табысталып келеді. Тек 1916, 1931, 1934 және 1940–1942 жылдары ғана берілмеген. Алғашқы лауреат – 1901 жылы рентген сәулесін ашқан Вильгельм Рентген.

Бүгінге дейін сыйлықты 226 ғалым иеленді (көбіне бір жылда бірнеше адамға беріледі). Джон Бардин бұл сыйлықты екі рет алған жалғыз ғалым (1956 және 1972 жылдары). Әйелдер небәрі бес рет алған: Мария Кюри (1903), Мария Гепперт-Майер (1963), Донна Стрикленд (2018), Андреа Гез (2020) және Анн Л’Юилье (2023).

Ең көп лауреат шыққан ел – АҚШ (97 ғалым).

2025 жылғы Нобель апталығы 6 қазанда басталды. Алдымен медицина саласындағы сыйлық иегерлері жарияланды – олар: Мэри Брункоу, Фред Рамсделл және Шимон Самагучи. Олар иммундық жүйенің сыртқы факторларға төзімділігін зерттегені үшін марапатталды.

8 қазанда – химия саласындағы,
9 қазанда – әдебиет саласындағы,
10 қазанда – бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болады.

7 қазан, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.