
Атырау тұрғындары 7 қазан күні таңертең қаланың барлық ауданында сезілген күйік иісіне шағымданды.
ТЖД мәліметінше, алдыңғы күні сағат 23:00 шамасында Каспий теңізіне қарай Атыраудан 20 шақырым жерде құрғақ шөп өртенген. Өрт аумағы шамамен 1 гектарды құрап, түнгі сағат бірде сөндірілген.
Алайда таңға жуық қала қайта түтінге оранды. Құтқарушылардың айтуынша, Құрманғазы ауданындағы Жаркаса каналының қарсы бетінде Каспий жағалауындағы қамыстың бықсуы иістің себебі болып отыр. Ол жақта 30 гектар жер жанса, оның 12 гектары сөндірілген. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
ТЖД тұрғындарды сабыр сақтауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау +3