
Иранның Мақсаттылықты тексеру кеңесінің мүшесі Мохаммадреза Бахонер елдегі әйелдерге хиджабты міндетті түрде киюді талап ететін заңның күші тоқтатылғанын ресми түрде мәлімдеді. Бұл мәліметті Свободный Иран телеграм-арнасы хабарлады.
Саясаткердің айтуынша, енді хиджаб туралы заң жобасы заңды күшке ие емес және іс жүзінде қолданылмайды.
"Құқықтық және заңдық тұрғыдан алғанда, хиджаб туралы заң жобасы енді орындалуға жатпайды. Иранда хиджаб кию заң жүзінде міндетті емес, және бұл үшін ешқандай айыппұл, жаза немесе құқықтық салдар болмайды. Мұны полицияға да айтыңдар!" – деп жазды Мохаммадреза Бахонер өзінің мәлімдемесінде.
Бұл шешім елдегі хиджаб мәселесіне қатысты көп жылға созылған қоғамдық пікірталастар мен наразылықтар аясында қабылданды. Өзгеріс нәтижесінде, Иран тарихында тұңғыш рет хиджаб кию әрбір әйелдің жеке таңдауы ретінде танылып отыр.
Бұл өзгеріс Иранның құқықтық және әлеуметтік кеңістігіндегі маңызды тарихи қадам ретінде бағаланып, жеке еркіндік пен таңдау құқығын құрметтеу қағидасын нығайта түспек.
В Атырау +4