
Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен қаладағы күйік иісіне себеп болған өрт ошақтарын анықтау және жою жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті.
Мониторинг барысында өрттің “Сасықсай” булану алаңының ар жағында, Атырау қаласынан 20 шақырым жердегі теңіз жақ бетте тұтанғаны белгілі болды.
Оны ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Мамандар өрт зардабын барынша азайту және сол жер қайта түтіндемеу үшін ошақты оқшаулау және толық сөндіру бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.
В Атырау +3