Атырау, 5 желтоқсан 15:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Астрахань жолында көліктің жүру жылдамдығына қойылған шектеу өзгерді

390 рет қаралды

5 қазаннан бастап Ақтөбе – Атырау – Астрахань жолының учаскесінде қайтадан сағатына 100 шақырымға дейін жылдамдықпен жүруге болады.

Жөндеу жұмыстары кезінде көлік жылдамдығына қойылған шектеу ресми түрде алынып тасталды.

Бұл республикалық жолдың 621-ші шақырымынан 648 шақырымына дейінгі аралық, яғни Атырау қаласынан Исатай ауданындағы Байшақа өзегінен өтетін көпірге дейінгі жолдың бөлігіне қатысты. "ҚазАвтоЖолдың" мәліметінше, бұл арада қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталды: жаңа асфальт төселді, жол белгілері орнатылды және жол таңбалары салынды.

- Енді жүргізушілерге сағатына 100 шақырым жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етіледі, - деп хабарлады Атырау облысы ПД патрульдік полиция ротасы взводының командирі Акылбек Қошаев. - Полиция қызметкерлері жол ережесі бұзылмау үшін жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Бұған дейін бұл учаскеде жөндеу жұмыстарына байланысты сағатына 60 шақырыммен қозғалуға ғана рұқсат етілген еді. Енді жол толығымен ашық, сондықтан жол жүру уақыты қысқарады. 

Сонымен қатар, Атырау – Астрахань жолыннң 30 шақырымға жуық бөлігінде әлі де жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл учаскелерде жылдамдыққа қатысты белгіленген уақытша шектеулер бұрынғыдай сақталады және жол жөндеушілер жұмысты жылдың соңына дейін аяқтауға уәде беріп отыр.

Алма КАЛУСАРИЕВА

6 қазан, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.