Атырау, 5 ақпан 00:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49

Атырауда 82 ана «Алтын алқа» мен «Күміс алқаға» ие болды

Сурет
516 рет қаралды

Қазақстан Республикасының Президентінің 2025 жылғы 25 тамыздағы №974 Жарлығы бойынша Атырау қаласындағы 82 ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» атағымен марапатталды.

Марапаттарды салтанатты рәсімде қала әкімдігі аппаратының басшысы Айбек Қадралиев табыстап, аналарды құттықтады.

– «Аналардың қоғамдағы рөлі ерекше. Сіздердің мейірімділіктеріңіз бен еңбектеріңіз еліміздің болашағына қосылған баға жетпес үлес болып табылады. Бұл марапат – мемлекет тарапынан көрсетілген зор алғыс белгісі», – деді А.Кадралиев.

Шара әсем музыкалық бағдарламаға ұласып, қатысушыларға қуанышты көңіл-күй сыйлады.

6 қазан 2025, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.