
Жылу беру маусымының басталуы 15 қазанға жоспарланған.
Бұл туралы «Атырау ЖЭО» ЖШС хабарлады.
«Жылу беру маусымы жыл сайынғы жоспарға сәйкес 15 қазаннан басталады. Белгіленген мерзімде жылу беріледі. Өзгерістер енгізілген жағдайда қосымша хабарланады», — делінген кәсіпорын хабарламасында.
Алайда тұрғындар үйлердің салқын әрі дымқыл екенін айтып шағымдануда. Редакцияға жүгінген тұрғындар биыл күз суық болғаны, балалар мен қарттар тоңып қалмас үшін жылуды жоспардан бұрын қосуды өтінеді.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау +3