
Мақат ауданының көшелеріне 379 бейнебақылау камерасын орнату жобасы жасақталып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Сонымен қатар, облыстық Полиция департаментінің қолдауымен 84 қосымша бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр.
Орнатылған камералар аудан аумағында қылмыстық әрекеттер мен құқықбұзушылықтардың алдын алуға септігін тигізетін болады.
В Атырау +3