Атырау, 5 желтоқсан 15:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​​Атырауда үздік машина жасаушылар марапатталды​

Сурет
322 рет қаралды

Қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін кәсіби мереке – Машина жасаушылар күніне орай 23 маманға құрмет көрсетілді. Оларды облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев құттықтап, сала еңбеккерлерінің ел экономикасын дамытудағы рөлін ерекше атап өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Мамандар кәсіби мерекеге орай «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрмет грамотасымен, Өнеркәсіп комитетінің Алғыс хатымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

– Бұл мереке — адал еңбектің қадірін көрсетіп, еліміздің индустриялық дамуына зор үлес қосып жүрген мамандарды ұлықтайтын ерекше күн. Бүгінде сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар дамып келеді. Баршаңызға мықты денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді Ж. Бисембиев.

2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында Атырау облысында машина жасау саласындағы өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24% артып, 78 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 71,4 млрд теңге (92%) машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату жұмыстарына тиесілі. Қазір салада 156 кәсіпорын қызмет етеді, оның ішінде 3 ірі, 3 орта және 150 шағын кәсіпорын бар.

Еске салсақ, соңғы жылдары аймақта бірқатар ірі жоба іске қосылды:

  • 2019 жылы «АтырауНефтеМаш» ЖШС ыстық мырыштау әдісімен коррозияға қарсы қаптамалар шығару өндірісін іске қосты;
  • 2020 жылы «BEST MODULE» ЖШС металл өңдеу зауыты мен модульдік ғимараттар өндірісі ашылды; 
  • 2020 жылы «Caspian Contractors Trust Atyrau» ЖШС ыстық мырыштау әдісі арқылы металлқұрылымдар шығаратын цех ашылды; 
  • 2021 жылы «Atyrau Oil Service» ЖШС сорғы бұйымдары, тығыздағыштар мен шағын құрылыс құрылымдарын шығаратын зауытын пайдалануға берді.
6 қазан, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.