Атырау, 21 желтоқсан 05:20
 бұлттыВ Атырау -3
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

91 әскери міндетті 10 күндік оқу-жаттығуды сәтті аяқтады

Бейнежазба
709 рет қаралды

Атырау облысында 23 қыркүйектен 2 қазанға дейін өткен аумақтық қорғаныс бригадасының 10 күндік әскери жиындары өз мәресіне жетті.

Оған 20-45 жас аралығындағы 91 әскери міндетті азамат қатысты.

Жиын барысында қатысушылар тактикалық оқу-жаттығулардан өтіп, бригаданың жауынгерлік әзірлігін арттыру, бөлімшелердің үйлесімді әрекетін ұйымдастыру, стратегиялық нысандарды қорғау және күзету бағытында тәжірибелерін шыңдады.


Қорытындысында әскери міндеттілерге алғыс хаттар табысталып, үздік нәтижеге қол жеткізгендер марапатталды.


3 қазан, 18:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.