
63 жастағы Сара Муллали Кентерберий архиепископы болып сайланды, деп хабарлайды BBC News Русская служба.
Бұл шіркеу тарихында тұңғыш жағдай. Бұған дейін Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінде бас мейірбике болып жұмыс істеген Муллали 2006 жылы қасиетті қызметке қабылданған, ал 2018 жылы Лондон епископы болды.
Ол бүкіл Англикан қауымының рухани жетекшісі ретінде қызмет етеді. Муллали: «Бұл үлкен жауапкершілік, бірақ мен оны тыныштықпен және Құдайға сеніммен қабылдаймын», — деді.
Жаңа архиепископ зорлыққа қарсы, әділеттілік пен бейбітшілікті қорғауға ерекше мән береді. Сондай-ақ ол эвтаназияға қарсы және шіркеу арқылы бір жынысты жұптардың некесін рәсімдеуге (баталауға) қарсы.
Интронизациядан кейін Муллали: «Адамдар көбіне өздерін және өзгелерді бөліп қарағысы келеді, ал англикандық бейбіт, бірақ күшті жол ұсынады», — деді. Ол антисемитизмге қарсы тұруды шіркеудің басты міндеті деп атап өтті..
В Атырау +4