
Kazakhstan Energy Week 2025 форумы аясында «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Әлібек Жамауов «Газдың болашағы: энергетикалық трансформацияның кілті» сессиясында сөз сөйлеп, елдегі газ өндіру өсімі мен негізгі заңнамалық бастамалар туралы айтып берді.
Өндіріс пен даму
QazaqGaz басшысының айтуы бойынша, Қазақстандағы газ өндіру көлемі 2024 жылы 59 млрд текше метрден 2029–2030 жылдары 74 млрд текше метрге дейін артуы мүмкін.
Өсімді жаңа кен орындарының іске қосылуы және жұмыс істеп тұрған активтердегі өндіру көлемін ұлғайту қамтамасыз етеді. Бұл ішкі нарықтағы газдың маңыздылығынан хабар береді.
Заңнамалық бастамалар
Газ саласының тұрақтылығы мен ашықтығын арттыруға бағытталған бірқатар реформалар аталды. Олардың ішінде:
- тұтынушылар үшін газ тұтынудың жаңа нормаларын бекіту;
- деректерді қашықтан жіберуге автоматтандырылған есептеу жүйелерін енгізу;
- мұнай-газ-химия жобаларына арналған ұзақ мерзімді газ бағаларын орнату;
- QazaqGaz балансына газ жабдықтау объектілерін беру процедурасын жеңілдету;
- газ желілеріне қосылу кезінде шағын бизнес үшін кедергілерді азайту.
Газдандыру және инфрақұрылым
Елімізді газдандыру бойынша, ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 45 жобаны жүзеге асыруға 65,9 млрд теңге бөлінді, оның 31 жобасы 2025 жылы аяқталады. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» қоры 55 жобаға 46,5 млрд теңге бөліп отыр. Нәтижесінде 2025 жылы 29 елді-мекенде шамамен 292,7 мың адам газға қол жеткізеді, газдандыру деңгейі 63,8%-ға жетеді.
Тұрақты жеткізілімдерді қамтамасыз ету мақсатында ірі инфрақұрылымдық жобалар да жүзеге асырылуда. Құны 131,7 млрд теңге болатын «Талдықорған – Үшарал» негізгі газ құбырының құрылысы аяқталуда.
В Атырау +4