Атырау, 5 желтоқсан 15:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Құрмет пен алғыс: Атырауда ұстаздар күні атап өтілді

Сурет
582 рет қаралды

Атырау облысында ұстаздар күніне орай «Қалдырған ізі мәңгілік» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, өңірдегі білім саласындағы үздік педагогтарды марапаттады.

Облыс әкімі құттықтау сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстаз мәртебесін арттыру жөніндегі бастамаларына ерекше тоқтала келе, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп отырған ұстаздар қауымының еңбегі өлшеусіз екенін атап өтті.  

–  Ұстаз – ұлттың рухани темірқазығы, болашаққа жол бастайтын тұлға. Біз қай салада еңбек етсек те, соның бастауында ұстаз тұрады. Әрқайсымыздың жетістігіміз бен қоғамдағы айшықты орнымыздың артында ұстаздың еңбегі жатыр. Сондықтан білім саласына жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің стратегиялық міндеттерінің бірі, – деді Серік Шәпкенов өзінің құттықтау сөзінде. 

Салтанатты жиында мемлекеттік және ведомстволық марапаттар табыс етілді:

  • 92 педагог - ҚР Оқу-ағарту министрлігінің марапатымен, 
  • 36 ұстаз - Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен, 
  • 400-ден астам мұғалім - облыстық білім беру басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

Бірқатар педагог ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, сондай-ақ «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.


3 қазан, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.