Атырау, 5 желтоқсан 15:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда құрылыс салып, Алматыда төлейді: өңірде сыртқа кеткен салықтарды реттейді

507 рет қаралды

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен салық салу базасын кеңейту және жергілікті бюджет түсімдерін арттыру мәселелері жөнінде жиын өтті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиында Мемлекеттік кірістер департаменті өңірдегі өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, ірі инвестициялық жобаларға тартылған мердігер компаниялардың көпшілігі басқа өңірлерде тіркелгендіктен салық төлемдерігің Атырау облысына түспей отырғаны айтылды. Сондай-ақ «Теңізшевройл» компаниясының мердігерлері мен жер қойнауын пайдаланушылардың кейбірінің өз салығын басқа аймақтардың бюджетіне аударып отырғаны белгілі болды.

Құрылыс саласында да осыған ұқсас жағдай бар. Көпқабатты тұрғын үй кешендерін салып жатқан бірнеше ірі компания өңірде нақты жұмыс істегенімен, тіркеуі басқа қалаларда болғандықтан бюджетке түсетін төлемдердің шетке кетіп жатқаны анықталды.

– Біздің мақсат – облыс аумағында нақты қызметін жүзеге асырып отырған компаниялардың салықтарының жергілікті бюджетке түсуін қамтамасыз ету. Бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосымша қаржы көзі болады. Сондықтан келісімшарттарды қайта қарау, бақылау тетіктерін күшейту және жауапты органдардың үйлесімді жұмысы қажет, – деді Жасұлан Бисембиев.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары аталған мәселелерді қатаң бақылауда ұстап, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін жауапты органдарға тапсырмалар жүктеді.

3 қазан, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.