Атырау, 5 желтоқсан 15:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Науқастар өте көп»: Атырауда химиотерапияға арналған дәрі таусылған

528 рет қаралды

Атырауда онконауқастар химиотерапия курстарын «Авастин» (бевацизумаба) препаратынсыз алып жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, облыстық онкодиспансерге арналған дәрі-дәрмектің бір жылдық қоры толық қолданылған.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев:

- Дәрі қоры науқастар санының артуына және клиникалық көрсеткіштер бойынша тағайындаулар көбейгеніне байланысты ерте таусылды. Диспансер препаратты қайта толтыру үшін облыстар арасындағы қайта бөлу қорына сұраныс жолдады, Маңғыстау облысынан осы аптада жеткізіледі деп күтіп отырмыз. Онкологиялық терапияның үзіліссіз болуы маңызды екенін ескере отырып, емдеудің толық схемасын мүмкіндігінше тез қалпына келтіру үшін барлық шараны алып жатырмыз, - деп түсіндірді.

Медициналық мекеме препараттың дәріхана қорында жоқ екенін растады. Қазір науқастарға химиотерапия жалғасуда, бірақ «Авастин» жоқ болғандықтан, емдеу схемасы толық болмай, ісіктің өсуі жалғаса береді. Науқастардың туыстары:

- Анамға тамшылар салып жатыр, бірақ «Авастин» жоқ, бұл тағайындалған ем емес. Ауру күтіп тұрмайды. Препаратсыз әр күн қатерлі ісік дами береді. Не істерімізді білмейміз», — дейді.

Жылдық дәрі қоры дұрыс есептелмегені үшін жауапкершілікті кім алады?  Шенеуніктер үшін «шамамен осы аптада жеткізіледі» деп айту жоспар болса, науқастар үшін үкіммен тең.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

3 қазан, 13:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.