
Атырау облысында Алмалы ауылында 200 орындық жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Шараға Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкінұлы мен ауыл тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жаңа ғимараттың ауласында жасыл желектер отырғызылған, ішінде акт залы, кітапхана және әртүрлі үйірмелерге арналған жеке кабинеттер қарастырылған. Әкім Шәкір Кейкінұлы бұл мәдениет үйін ауылдың рухани өмірінде елеулі оқиға деп атап, жастар мен тұрғындардың бос уақытын мазмұнды өткізуге мүмкіндік беретінін жеткізді.
Мәдениет үйі елдің рухын көтеріп, ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтуға үлес қосатын ортаға айналады деп күтілуде.
В Атырау +3 










