Атырау, 5 желтоқсан 07:59
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

ҚМГ мен Eni Қарашығанақты одан әрі игеру және Маңғыстаудағы гибридті электр стансасы​ мәселелерін талқылады

278 рет қаралды

Астана қаласында KAZENERGY Еуразиялық форумы алаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Eni SpA» компаниясының жаһандық табиғи ресурстар бөлімшесінің барлау мен өндіру жөніндегі директоры Лука Виньятимен кездесті.

Тараптар Қарашығанақ кен орнын одан әрі игеру мәселелерін талқылап, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) оператор компаниясында жергілікті қамтуды дамытуға және отандық кадрлар санын ұлғайтуға баса назар аударды. ҚПО-ның жергілікті кадрларды арттыру жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жоспарын жасау кезінде негізгі лауазымдардағы қазақстандық мамандардың үлесін ұлғайту қажеттілігі айқындалды.

Сонымен қатар тараптар Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында қуаты 50 МВт күн электр стансасы (КЭС) сәтті пайдалануға берілгенін атап өтіп, жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы өзара іс-қимылды қарастырды. Іске қосылған нысан жалпы қуаты 247 МВт болатын гибридті электр стансасының құрылысы жобасының алғашқы кезеңі болды. Жаңа КЭС шамамен 80 гектар жерді алып жатқан 80 000 күн панелінен тұрады және жылына 86 млн кВт•сағ таза энергия өндіреді.

ҚМГ басшысы гибридті энергия кешенінің келесі кезеңдері – жел (77 МВт) және газ электр стансалары (120 МВт) құрылысының белгіленген мерзімдерін сақтап, оларды сапалы іске асыру маңызды екенін атап өтті. Бұл нысандарды іске қосу 2026 жылға жоспарланған.

3 қазан, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.