Атырау, 5 желтоқсан 15:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау колледждерінің үздік ұстаздары мен мықты шеберлері марапатталды

Бейнежазба
442 рет қаралды

Аймақта Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Света Аманшиева ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап сөз сөйледі. Ол «техникалық білім – табысты елдің тірегі», ал ұстаздар ел экономикасына қажетті мамандарды даярлап, жастардың болашағына жол ашып отыр деп атап өтті. 

Кәсіби мереке аясында барлығы 43 педагогтың еңбегі еленіп, марапат табысталды. Олардың қатарында ардагер ұстаздар, колледж директорлары, үздік оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері бар. Марапат иелеріне ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғысы мен Құрмет грамоталары, «Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі» дипломдары және облыс әкімдігінің Алғыс хаттары берілді.

Сонымен қатар педагогикалық әулет өкілдері де арнайы құрметке ие болды. Олар бірнеше буын бойы техникалық және кәсіптік білім саласында аянбай еңбек етіп, жас мамандарды даярлауға зор үлес қосып келеді.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, шәкірттер мен өнерпаздар ұстаздарға арнап өнер көрсетті.


3 қазан, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.