Атырау, 12 тамыз 00:37
 дождьВ Атырау +28.2
$ 465.74
€ 537.23
₽ 5.62

Атырауда отандық өнімдерді 15%-ға арзан алуға болады

736 рет қаралды

Атырауда қазақстандық азық-түлік өнімдері «Береке Fest» республикалық акциясы аясында 15%-ға төмен бағамен сатылуда, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл шараның мақсаты – отандық өнімге сұранысты арттыру және азық-түлік бағасын тұрақтандыру.

Акция өңірдегі 60-тан астам сауда нүктесінде өтіп жатыр. Төмендетілген бағамен тауарларды «Ярмарка», «Анвар», «Ideal» және «Marco» сияқты ірі супермаркеттерден табуға болады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері арнайы безендірілген сөрелерде қойылған, сатып алушыларға ыңғайлы әрі көрнекі түрде ұсынылмақ.

2 қазан 2025, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.