Атырау, 5 желтоқсан 15:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​ҚМА жалған стоматологиялық клиниканың қылмыстық схемасын ұйымдастырғандарға іздеу жариялады

624 рет қаралды
Сурет: ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі

Қаржылық мониторинг агенттігі тіс емдеу қызметі көрсетілді деп жалған медициналық құжаттарды рәсімдеген, 46 млрд теңгеден астам қаражатты БЖЗҚ заңсыз шығару мақсатында қылмыстық схемаларды ұйымдастырды деген күдікке ілінген жалған стоматологиялық клиникалардың иелеріне іздеу жариялады.

Іздеу салынған үш азамат:

  • Дуйсенов Аслан Қамбарұлы, 01.04.1992 ж.т.
  • Иманбаев Габбас,18.05.1998 ж.т.
  • Елешев  Есимхан Баяндиевич, 11.09.1987 ж.т. 

ҚМА мәліметі бойынша күдікті азаматтар Маңғыстау және Атырау облыстарындағы 7 стоматологиялық клиниканы пайдаланған. Аталған мекемелер іс жүзінде ешқандай медициналық қызмет көрсетпеген.

Үш азаматқа да қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылды.

Айыпталушылардың бірі — Дүйсенов А.Қ. бұрын полиция қызметкері болған, алайда теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған. 2016 жылы ол Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу») және 362-бабы («Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану») бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Іздеуде жүрген тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Қаржылық мониторинг агенттігіне төмендегі нөмір бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:  +7 (7172) 70 84 78 – кезекші бөлім.

Call-center: 1458

Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі.

2 қазан, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.