
Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Түркияның «Turkish Petroleum Corporation» мемлекеттік компаниясының (TPAO) басшысы Ахмет Түркоғлумен кездесу өткізді.
Тараптар геологиялық барлау, мұнай-газ өндіру, сондай-ақ инвестиция тарту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұдан бұрын ТРАО мамандарына ҚМГ-ның перспективті геологиялық барлау жобалары бойынша таныстыру сессиялары өткізілген болатын.
Сонымен қатар бірлескен жұмыс топтары аясында Қазақстандағы жер қойнауы учаскелерінің геологиялық мүмкіндіктеріне талдау жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта тараптар бірлесіп әрекет ету бойынша алдағы іс-шараларды пысықтауда.
— ҚазМұнайГаз Turkish Petroleum Corporation компаниясымен көмірсутектерді геологиялық барлау мен өндіру саласында ғана емес, тәжірибе алмасу, озық технологияларды енгізу және экологиялық тұрақты шешімдерді ілгерілету бағытында өзара тиімді серіктестіктің перспективаларын жоғары бағалайды. Түрік әріптестерімен байланысты дамыту энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға, халықаралық кооперацияны кеңейтуге және екі елдің экономикасына серпін беретін тың мүмкіндіктерді анықтауға ықпал ететініне сенімдімін, — деп атап өтті А.Хасенов.
В Атырау +4