Атырау, 5 желтоқсан 07:40
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Грузияда 4 қазанда «бейбіт төңкеріс» болатынын жарияланды

465 рет қаралды
© Michael Kuenne/ Keystone Press Agency/Global Look Press

Грузиядағы «Руставели даңғылы» атты ҮЕҰ жетекшісі, опера әншісі Паата Бурчуладзе 4 қазанда өтетін жергілікті сайлау күні Тбилисидегі Руставели даңғылында жүздеген мың еуропашыл азамат жиналып, биліктегі Ресейге жақын «Грузин арманы» партиясын бейбіт түрде құлатуға тырысатынын мәлімдеді. Бұл туралы Коммерсантъ хабарлады.

«Біз бейбіт революцияны 4 қазанда бастаймыз да, сол күні аяқтаймыз», – деді ол.

Бұл бастаманы елдің бұрынғы президенті, қазіргі уақытта түрмеде жазасын өтеп жатқан Михаил Саакашвили де қолдады. Ол жақтастарын міндетті түрде Руставелиге келіп, «революцияға қолдау көрсетуге» шақырды. Сондай-ақ Саакашвили негізін қалаған «Біртұтас ұлттық қозғалыс» (ЕНД) партиясы бұл жоспарды белсенді түрде қолдады.

Билік өкілдері кез келген заңсыз әрекет үшін «қатаң жаза қолданылатынын» ескертті. Премьер-министр Ираклий Кобахидзе, парламент спикері Шалва Папуашвили және Тбилиси мэрі, «Грузин арманы» партиясының бас хатшысы Каха Каладзе «4 қазанда заң бұзғандар қатаң түрде жазаланатынын» айтты.

Осыған дейін Ішкі істер министрлігі ЕНД жетекшілерінің бірі Звиад Куправаны «билікті құлатуға шақырды» деген айыппен қамауға алған. Ал мемлекеттік телеарналар арнайы жасақтың резеңке оқтар мен суатқыштарды пайдалану жаттығуларын көрсетіп жатыр.

Сайлауға қатысушы кейбір партиялар билікті құлатуға шақыруларды айыптады.

2 қазан, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.