Атырау, 5 желтоқсан 15:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Тайсойғаннан Миялыға дейінгі жол құрылысының құны қанша?

281 рет қаралды

Қызылқоға ауданыда бір уақытта бірнеше ірі жол жобалары жүзеге асырылуда, олардың жалпы құны ондаған миллиард теңгені құрайды. Кейбір нысандар биыл аяқталады деп уәде берілсе де, көпшілігі 2026 жылға дейін созылады.

Қызылқоға ауданында 45 шақырым болатын "Тайсойған-Миялы" бағытындағы автомобиль жолының құрылысы таяуда аяқталмақшы. 13 млрд 900 млн теңгенің жұмысын "АссанаДорстрой" ЖШС атқаруда. Ал 18 шақырымды құрайтын  "Миялы-Шұбарши" автомобиль жолына 6 млрд 200 млн теңге бөлініп, оны мердігер "МКДСМ" ЖШС өз міндетіне алған. Бұдан бөлек мердігер "АссанаДорстрой" ЖШС 15 млрд 300 млн теңгеге 115 шақырым болатын "Сағыз-Миялы" бағытындағы жолдың орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Ал аудан бойынша жалпы ұзындығы 94 шақырым болатын ауылішілік автомобил жолдарының құрылысы жүруде. Атап айтқанда Миялы ауылынан 32,5 шақырым болатын екі жоба жүзеге асырылып жатырған көрінеді. Оның 11 шақырымына асфалт жабындысы төселіп, бір жоба аяқтала келсе, ал 21,5 шақырымның жобасы 2026 жылы аяқталмақшы. 

- Сонымен бірге жалпы ұзындығы 17,3 шақырым болатын Сағыз ауылынан екі жоба қолға алынды. 7,8 шақырым болатын жоба аяқтала келді, ал қалғаны келесі жылы бітетін болады. Бұдан бөлек 6,8 шақырымды құрайтын жол жобасына өзгерістер енгізілуде, - дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобил жолдары бөлімінің басшысы Ерсағын Құмаров.

Аудандағы басқа ауылдарда да жол жобалары қолға алынған. Мұқыр ауылында 16,5 шақырым болатын екі жобаның 6 шақырымын биыл аяқтау көзделуде. Бұдан бөлек Жангелдин (8,7 км), Жасқайрат (8, 8 км), Қоныстану (6,1 км), Қарабауда  (5,9 км) ауылішілік жолдар құрылысы басталып, келесі жылы аяқтау көзделген. 

Одан бөлек, Тасшағыл, (8,7 км), Қаракөл (5,9км) және Миялы ауылы Мөлтек ықшам ауданының күрделі жөндеу (5,3 км) жобалары жасақталып дайын тұр. Құрылыс жұмыстарын 2026 жылы бастау жоспарланған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

6 қазан, 13:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.