Атырау, 5 желтоқсан 07:30
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырауда Қызылорда тұрғыны ​312 грамм мефедронмен ұсталды

Бейнежазба
370 рет қаралды

Атырау облысында 41 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны синтетикалық есірткі таратуға қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы "Қарасора-2025" және "Учаске" жедел-профилактикалық шаралары аясында тексеру жүргізді. Тексеру кезінде күдіктіден жалпы салмағы 312 грамм болатын мефедрон синтетикалық есірткі тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес қамауға алынған. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Ескерту: ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қосымша мәліметтер жарияланбайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабы және ҚПК-нің 19-бабына сәйкес адамның кінәсі тек сот үкімімен расталған жағдайда ғана анықталады.


2 қазан, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.