Атырау, 5 желтоқсан 07:59
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қазан айында Қазақстаннан бензин экспорты төмендейді

279 рет қаралды

Қазақстаннан бензин экспорты қазан айында ең төменгі деңгейге дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды «Нефть и газ Казахстана» телеграм-каналы.

Негізгі экспорттаушы – «Конденсат» мұнай өңдеу зауыты 1-20 қазан аралығында жоспарлы жөндеуде болады. Сол себепті зауыт К-5 экологиялық класты АИ-92 бензинін Өзбекстанға барлығы 3,1 мың тонна көлемінде жөнелте алады. Басқа зауыттарға Энергетика министрлігі тарапынан шетелге өнім сату квотасы берілмеген.

Кеше Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары басталғандықтан, ішкі нарықта автобензинге сұраныс жоғары болып тұр.

Айта кетейік, «Конденсат» зауытының жөндеуі Ресейдегі «Танеко» мұнай өңдеу зауытының профилактикалық жұмыстарымен синхрондалған, себебі «Конденсат» дистилляттарды сол зауыттан өңдеу үшін алады.

2 қазан, 13:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.