Атырау, 5 желтоқсан 16:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау облысында үш арнайы салық режимі енгізілді

290 рет қаралды

Атырау облысында биылдан бастап арнайы салық режимдерінің үш бағыты қолданысқа енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Серіккерей Қуанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа жүйе кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға салық жүктемесін азайтып, есептілік рәсімін жеңілдетуге бағытталған.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін:

  • айлық табыс 300 АЕК-тен аспауы тиіс;

  • жалдамалы жұмысшы ұстауға болмайды;

  • есептілік мобильді қосымша арқылы ай сайын тапсырылады;

  • табыстың 4 пайызы әлеуметтік төлем ретінде аударылады.

Жеңілдетілген декларация режимі:

  • табыс көлемі 600 мың АЕК-ке дейін рұқсат етіледі;

  • жұмыскерлер санына шектеу қойылмайды;

  • жеке табыс салығы – 4 пайыз;

  • есептілік жарты жылда бір рет өткізіледі.

Шаруа қожалықтары үшін:

  • салық мөлшерлемесі айналымнан – 0,5 пайыз;

  • қосылған құн салығы, әлеуметтік төлемдер, мүлік және көлік салығынан босатылады;

  • міндетті шарт – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімінің болуы.

С.Қуановтың айтуынша, бұл бастама шағын және орта бизнеске серпін беріп, кәсіпкерліктің ашықтығын арттыруға және көлеңкелі экономиканы азайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар өңірдің салықтық түсімдеріне де оң әсерін тигізбек.

2 қазан, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.