
Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, жақын арада "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ топ-менеджментінде кадрлық өзгерістер күтіледі, деп хабарлайды Petrocouncil.
Дастан Елемесұлы Абдулгафаров "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметінен өз еркімен кетеді. Ол сонымен қатар "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жүйесінде жұмысын жалғастырады.
Дастан Абдулгафаровтың "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ компаниялар тобында 23 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде 20 жыл басшылық қызметтерді атқарды.
Соңғы бірнеше жылда халықаралық стратегиялық серіктестерді тарту және мұнай-газ химиясы, барлау және өндіру, жел және күн энергетикасы саласындағы ірі жобаларды іске қосу жұмыстарын басқарды.
Бірнеше жоғары білімі мен дәрежесі бар, оның ішінде ҚР СІМ Дипломатиялық академиясы, Сколково бизнес мектебінің Executive MBA бағдарламасы, Stanford University Graduated School of Business Executive бағдарламалары бар.
Сонымен қатар, келесі аптада Басқарма төрағасының орынбасарлары арасында функцияларын қайта бөлу мәселесі қаралады. Атырау облысындағы мұнай-газ химиясы жобаларының жетекшілігі кімге өтетіні белгілі болады.
В Атырау +4