Атырау, 5 желтоқсан 16:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

МӘМС: Атырау облысында әлі де 100 мың сақтандырылмаған азамат бар

429 рет қаралды

Атырау облысында МӘМС жүйесінде сақтандырылмағандар саны 6 мың адамға қысқарды.

Атырау облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде сақтандырылмағандар саны 6 мың адамға қысқарды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев төрағалығымен өткен МӘМС жөніндегі штаб отырысында хабарланды, - деп жазады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі уақытта аймақта шамамен 100 мың азамат әлі де сақтандырылмаған. Сол себепті әкімдіктер мен округ әкімдеріне ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын күшейту, әрбір азаматты есепке алу тапсырылды.

Ж. Бисембиевтің айтуынша, «D» және «Е» санатындағы азаматтарды азайту жұмыстары жалғасады. Арнайы кесте бекітіліп, жеке кәсіпкерлер, жастар, жұмысшылар және дербес төлеушілер кезең-кезеңімен МӘМС жүйесіне тартылуы тиіс. Егер бұл жұмыс уақытында жүргізілмесе, 17 мыңнан астам адам үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлу қажет болады, бұл қаражат бір мектеп салуға жететін мөлшерде.

Сонымен қатар, облыс тұрғындарының медициналық қызмет сапасына шағымдары азайған, дегенмен жыл басынан бері 390 шағым тіркелді. Негізгі мәселелер – консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетілмеуі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмеу және қызмет сапасының төмендігі.

Мұндай мәселелерді шешу үшін медициналық ұйымдарға қызмет сапасын арттыру, пациенттердің құқықтарын сақтау және халықпен ақпараттық жұмысты күшейту тапсырылды.

1 қазан, 18:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.