
Жыл сайынғы ҚР Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сай жүргізілетін кешенді шара бойынша зауыттағы жабдықтардың сенімділігін, технологиялық процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және өндірістің жалпы тиімділігін арттыруға бағытталған.
2025 жылғы 1 қазаннан бастап зауыт жабдықтарына міндетті техникалық куәландыру мен сараптамалар жүргізу көзделген. Атап айтқанда, 1174 қысыммен жұмыс істейтін ыдыс пен аппарат, 46 пеш және 1458 технологиялық құбыр желісіне тексеру жасалады. Бірқатар қондырғыда 316 тоннадан астам катализатор ауыстырылатын болады. Сонымен қатар, реакторларды жөндеу, колонналардың ішкі құрылғыларын жаңарту және басқа да аса күрделі технологиялық жұмыстар жүргізіледі.
Жөндеу жұмыстарына 1800-ден астам маман және 62 бірлік арнайы техника жұмылдырылады. Жоспарлы алдын алу жұмыстары барысында мұнай өнімдерін жөнелту жинақталған қор есебінен жүргізіледі. Бүгінде зауыттың резервуарлық паркінде жинақталған отын көлемі: автобензин — 37 мың тонна, дизель отыны — 30 мың тонна, авиаотын — 6,8 мың тонна.
25 қазаннан бастап технологиялық қондырғыларды кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланған.
В Атырау +4