Атырау, 16 маусым 03:14
 дождьВ Атырау +23.1
$ 491.37
€ 570.48
₽ 6.78

Жылыой ауданында «Антитеррор – 2025» оқу-жаттығуы өтуде

444 рет қаралды

Сурет: Жылыой ауданы әкімінің баспасөз қызметі

2025 жылғы 1 қазанда Атырау облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы Жылыой ауданында «Жылыой-Антитеррор – 2025» оқу-жаттығуын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – террористік сипаттағы әртүрлі қауіптердің алдын алу және арнайы құқық қорғау органдарының дайындық деңгейін тексеру.

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі тұрғындар мен көліктерге уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін екенін хабарлады. Азаматтардан оқу-жаттығуға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік ережелерін сақтау және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындау сұралды.

1 қазан 2025, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.