Атырау, 5 желтоқсан 07:59
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

КҚК биыл 8 айда Новороссийск арқылы мұнай экспортын 12%-ға арттырды

315 рет қаралды

Каспий құбыр консорциумы (КҚК 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша Новороссийск маңындағы теңіз терминалы арқылы мұнайдың экспорттық тиеу көлемін шамамен 12%-ға – 55,51 млн тоннаға дейін арттырды.

Бұл туралы компания Стамбулда өткен басқару органдарының отырысының қорытындысы бойынша хабарлады.

Салыстыру үшін: 2024 жылы бұл көлем 0,7%-ға төмендеп, 63,01 млн тоннаны құрады, ал 2023 жылы рекорд тіркелді — 63,47 млн тонна.

Қазіргі уақытта КҚК құбыр жүйесі Қазақстан аумағынан жылына 72,5 млн тоннаға дейін, ал Ресей аумағы арқылы 83 млн тоннаға дейін мұнай тасымалдауға қабілетті.

Отырыста акционерлер магистральдық мұнай құбырының инфрақұрылымының жай-күйін, оның ішінде газ турбиналық сорғы агрегаттарын электр қозғалтқыштары бар отандық өндірістің қондырғыларына ауыстыру бағдарламасын талқылады.

1 қазан, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.