
АҚШ Сенаты федералды шығындарды қаржыландыруға қатысты екі заң жобасын да қабылдай алмай, ел үкіметінің бірқатар мекемелері жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Евронью́с.
Шатдаун сәрсенбіге қараған түні басталды және республикашылар мен демократтар шығындар тізімі бойынша келісімге келе алмағандықтан орын алды.
Мемлекеттік қызметкерлердің кейбірі ақысыз демалысқа жіберілсе, өмір мен мүлікті қорғауға жауапты мекемелер жұмысын жалғастырады. Конституция бойынша президент, конгресс мүшелері, федералдық судьялар, әскерилер мен мемлекеттік ауруханалардың дәрігерлері жұмысынан босатылмайды.
Соңғы рет АҚШ үкіметі 2018–2019 жылдары шатдаунға ұшыраған еді.
В Атырау +4