Атырау, 5 желтоқсан 16:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Мақат ауданындағы ескі үйлер қалай жаңартылуда

455 рет қаралды

Билік 90% жұмыс атқарылды дейді, алайда ондаған үй әлі де жөндеуді және бұзуды қажет етеді.

Мақат ауданында ескіріп, тозығы жеткен 107 үй бар. Биыл әкімдік 1 млрд-тан астам теңгеге 28 үйдің терможаңғырту жұмысын қолға алған. Жөндеу барысында үйлердің қасбеттері мен шатырлары жаңартылып, терезе мен есіктер ауыстырылды. Кейбір үйлерге тіпті домофондар орнатылған.

Алайда жұмыс осымен шектеліп тұр. Әлі де 39 үйдің қасбетін жөндеуге 2 млрд теңгеден астам қаражат қажет. Ал Мақат пен Доссор кенттерінде жарты ғасырдан бері тұрған екі қабатты барактар әлі де бар.

Аудан әкімі Азамат Мәмбетовтың айтуынша, келесі жылы әкімдік ескі барактарды сүруді және екіпәтерлі 80 үйді сатып алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, бюджет пен мұнай компанияларының қолдауымен тағы 100 жаңа үй салу көзделуде.

Осылайша, кейбір тұрғындар домофон орнатылған жаңа үйлерге көшсе, басқалары әлі күнге дейін ескі барактардың бұзылуын күтіп отыр.

«Біз бұл үйлерде жарты ғасырдай уақыттан бері тұрып келеміз. Бұзылатынын енді ғана естіп жатырмыз. Уәделер қағаз жүзінде қалып қоймаса екен деп үміттенеміз», – дейді Доссор тұрғындары.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 қазан, 18:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.