Атырау, 5 желтоқсан 16:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырауда 2,5 мыңға жуық педагог біліктілігін арттырып жатыр

336 рет қаралды
Сурет: edu.mcfr.kz

Бұл туралы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Маржан Ғалымжанова  Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлім етті.

Оның айтуынша, биылға жоспарланған 94 курсқа 2350 педагог қамтылады. Қазірдің өзінде 81 курс аяқталып, 2022 мұғалім білімін жетілдірді. Тағы 5 курста 128 педагог оқып жатыр. Жыл соңына дейін 8 курс өткізіліп, 200 педагог оқып шығады. Ал мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша 50 педагог екі курсты сәтті аяқтады.

Сонымен қатар педагогтер қажеттілігіне сай курстар ұйымдастырылып жатыр. Жыл басынан бері 12 курс өтіп, 300-ге жуық педагог қамтылды. Бұған қоса техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының сұранысы бойынша инклюзивті оқыту мен мектепке дейінгі тәрбие бағыттарында курстар жалғасып жатыр.

Спикердің айтуынша, «Action Research», «Болашаққа бағдар» және «Инновациялық сабақтар» сияқты жаңа жобалар іске қосылып, жас мұғалімдерге әдістемелік қолдау күшейтілді.

Осы жылы елімізде «Ұстаз» ұлттық платформасы қолданысқа енгізіліп, Атырау облысында 744 білім беру ұйымы мен 11 мыңнан астам педагог тіркеліп, 2989 мұғалім аттестациядан өтті.

1 қазан, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.