Атырау, 5 желтоқсан 07:40
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Конгоның әскери соты елінің бұрынғы президентін өлім жазасына кесті

306 рет қаралды

Конго Демократиялық Республикасының әскери соты бұрынғы президент Жозеф Кабиланы өлім жазасына сырттай үкім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Al Jazeera дерегінше, оған мемлекетке опасыздық жасау, адамзатқа қарсы қылмыстар, кісі өлтіру, жыныстық зорлық-зомбылық, азаптау және бүлік ұйымдастыру секілді ауыр айыптар тағылған.

Сот мәліметіне сай, Кабила Руанда қолдайтын «23 наурыз қозғалысы» атты бүлікші топпен байланыс орнатып, соғыс қылмыстарына қатысы бар деп танылды. Алайда саясаткер тағылған айыптарды мойындамай, бұл істің саяси астары бар екенін алға тартады.

Үкім сырттай шығарылды.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға мемлекеттік сапармен келген Конгоның қазіргі басшысы Феликс Чисекедиді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттаған еді.

1 қазан, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.