
АҚШ федералды прокуратурасы әйгілі рэпер Шон Комбсты (P. Diddy) кемінде 11 жылға бас бостандығынан айыруды және $500 мың көлемінде айыппұл салуды талап етті. Бұл туралы Report Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Прокурорлардың айтуынша, Комбс сексуалдық қылмыстарға байланысты қатаң жазаға лайық. Олар соттан «кемінде 135 ай түрме» беруді сұраған.
Ал рэпердің адвокаттары өткен аптада оған небәрі 14 ай қамау жазасын тағайындауды өтінген. Қорғаушылардың пікірінше, бұрынғы қыздарына қатысты зорлық-зомбылық айыптары қарастырылмауы тиіс.
Егер сот адвокаттардың ұсынысын қабылдаса, P. Diddy биыл жылдың соңына дейін босап шығуы мүмкін. Себебі ол 2024 жылдың қыркүйегінен бері қамауда отыр, бұл уақыт жаза мерзіміне есептеледі.
В Атырау +4