
Атырау облысында сиыр етінің бағасына тұрақты мониторинг жүргізілуде. Облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметінше, жергілікті шаруа қожалықтарынан және Батыс Қазақстан облысынан жеткізілген еттің орташа бағасы 2900–3100 теңге көлемінде.
Бөлшек сауда орындарында ол 3200–3300 теңгеден сатылуда.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне сәйкес, әкімдік сиыр етінің сүйекті жауырын-төс бөлігіне тұрақты бақылау жүргізіп отыр.
- «Тұрақтандыру қорының «Айналым схемасы» аясында белгіленген 11 сауда нүктесінде тұрғындар етті 2500–3100 теңге аралығында сатып ала алады. Ал апта сайынғы жәрмеңкелерде шаруа қожалықтары өнімді 3000 теңгеден ұсынуда», – деді басқарма өкілі Ризабек Мұсағалиев.
Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде төрт түліктің арасында жаппай ауру немесе карантин тіркелмеген.
В Атырау +3