
5 қазан күні Атырау қаласында 8-ші ATYRAU MARATHON өтеді. Марафонды Атырау облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының қолдауымен облыстық жеңіл атлетика федерациясы ұйымдастырады. Осыған байланысты қаладағы кей жолдарда көлік қозғалысы уақытша жабылатынын хзабарлады облыстық спорт басқармасы.
Сол күні сағат 06:00-ден 13:00-ге дейін жабылатын жолдар:
- Әбілқайыр хан даңғылы бойымен – Qazaq Oil жанармай құю бекетіне дейін
- Сәтпаев көшесі бойымен – Ерниязов көшесінің қиылысына дейін.
Жарысты ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарынан алдын ала өз бағыттарын жоспарлап, қозғалыстағы өзгерістерді ескеруді сұрайды.
Жүгіру бағдарламасында қатысушылар 5 км, 10 км, 21 км және 42 км қашықтықты еңсереді. Жалпы жүлде қоры – 7 000 000 теңге.
Жарыс тек спорттық шара ғана емес, нағыз Спорт мерекесіне айналуы үшін барлық қалалық және коммуналдық қызметтер іске қосылады, дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ 400 ерікті мен төреші қатысады.
Қазақстанның барлық өңірлерінен, жақын және алыс шетелден шамамен 3000 адам қатысады деп жоспарланып отыр. Жарысқа қатысу үшін мына сілтеме арқылы тіркелуге болады: www.atyraumarathon.kz.
В Атырау +3 



