Атырау, 5 желтоқсан 16:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​​Атырауда қоғамдық көліктің жаңа бағыттары ашылып жатыр​

452 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырауда қоғамдық көліктердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында қалада қосымша бағыттар іске қосылып жатыр. 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Хабарламаға сәйкес, жаңа тасымалдаушы компания қала ішінде қосымша жеті автобус бағыты пайда болады. Жаңа автобус бағыттары: №61, №64, №66, №67, №69, №70. Ертеңнен бастап №64 және №67 бағыттары тұрғындарға қызмет көрсетуді бастайды. Қалған бағыттар қазан айында кезең-кезеңімен қосылады. 

Жаңадан қосылған барлық бағыт бойынша жолаушыларды заманауи автобустар тасымалдайды.  


Бүгінде жалпы қала аумағында 32 бағытта 240 қоғамдық көлік жұмыс істеп тұр.

30 қыркүйек, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.