Атырау, 5 желтоқсан 07:40
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Оңтүстік Корея: Солтүстік Корея АҚШ-қа соққы жасауға қабілетті

308 рет қаралды

Оңтүстік Кореяның біріктіру мәселелері жөніндегі министрі Чон Дон Ён Солтүстік Корея АҚШ негізгі территориясына соққы жасай алатынын мәлімдеді. Бұл туралы АА The Korea Times-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Солтүстік Корея АҚШ негізгі территориясына соққы жасай алатын үш елдің бірі болып табылады. Мұны мойындап, осыған рационалды қарау қажет», – деді министр Германияға сапары кезінде.

Сонымен қатар, министр Солтүстік Корея тек Оңтүстік Кореямен ынтымақтастық арқасында экономикалық реформалар мен «елді ашу» саясатын жүзеге асыра алатынын атап өтті.

АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның саммит мүмкіндігі туралы сөз етіп, екі ел басшылары кездесуге өзара қызығушылық танытқанын айтты.

30 қыркүйек, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.