
Алматыдан Атырауға ұшып бара жатқан рейс жанжалмен аяқталды: белгілі әнші Бейбіт Қорған ұшақта қоғамдық тәртіпті өрескел бұзды.
Көлік полициясының мәліметі бойынша, әнші мас күйде дауыстап дөрекі сөздер қолданған және әуе компаниясы қызметкерлерінің талаптарын орындамаған.
«Атырау әуежайында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 44 жастағы жолаушыны ұстады. Ол қоғамдық тәртіпті бұзып, полицейлердің заңды талаптарына бағынбаған», – деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаны Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған соты қарады. Сот әншінің «ұсақ бұзақылық» жасағанын (ӘҚБтК 434-бап, 1-бөлім) және полиция талаптарына бағынбағанын (ӘҚБтК 667-бап, 1-бөлім) анықтады.
«Сот азаматты кінәлі деп танып, оған 196 600 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Шешім қабылдағанда оның кінәсін мойындауы, өкініш білдіруі және айыппұлды өтеу мүмкіндігі ескерілді», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Полиция заң баршаға бірдей екенін және танымалдылық ешкімді жауапкершіліктен босатпайтынын еске салды.
Айгүл Мансурова
В Атырау +3